Басты жаңалық

Ғалымдар әлемдегі ең кішкентай картина жасап шығарды

The final spritzer

Ғалымдар әлемдегі ең кішкентай картина жасап шығарды

Сингапур технология және дизайн университетінің ғалымдары Клод Моненің атақты Моне Impression, soleil levant («Впечатление. Восходящее Солнце») картинасының нанокөшірмесін жасады.

Оның ені бар болғаны 300 микрометр. Бояудың орнына алюминиймен жабылған наномасштабтың кремнийлі бағаналары қолданылды. Оларға жарық түскен кезде, электрон толқындары белгілі бір жиіліктің сәулесін шығарады, осылайша картинаның түсі пайда болады. Ғалымдар шамамен 300 түстің көмегімен белгілі суретшінің туындысын наноөлшемде жасап шығарды.