Сегізаяқ Паульдің болжамы дәл келді
Сегізаяқ Паульдің болжамы дәл келді
Әлем чемпионаты финалының қарсаңында Германияда Кіші Пауль есімді жаңа сәуегей-сегізаяқ қай команданың жеңіске жететінін болжаған.
Германияның Оберхаузен қаласында «Теңіз өмірінің орталығы» океанариумында өткен арнайы ұйымдастырылған шарада сегізаяқ мундиал финалына болжам жасады. Оның алдына Германия және Аргентинаның тулары бейнеленген, ішіне азық салынған екі қорап қойылды. Кіші Пауль отансүйгіштігін көрсетіп, Германияны таңдады. Естеріңізге салып өтсек, бұдан бұрынғы Үлкен Пауль 2010 жылы ОАР-да өткен әлем чемпионаты кезінде барлық матчтардың жеңімпаздарын дәл болжаған еді.