Басты жаңалық

Студент күлген кезде ғана іске қосылатын теледидар жасап шығарды

Студент күлген кезде ғана іске қосылатын теледидар жасап шығарды

Лондондағы Корольдік көркем өнер колледжінің студенті Дэвид Хедберг көпшілік назарына өз еңбегін ұсынды.

Ол камерасы және арнайы бағдарламалық қамту жүйесі арқылы адамның жүзін анықтайтын теледидар жасап шығарды. Туынды Smile TV деген атауға ие болды. Теледидар алдында көрермен болмағанда, ол дұрыс көрсетпейді, алайда жүйе адамның жүзіндегі күлкіні байқап қалғанда теледидардағы бағдарламалар анық көрсетіледі. Адамның күлімсірегені анық көрінбесе, теледидардағы бейнелер жойыла бастайды, деп жазды Onliner.