Беларусь ЕАЭО-ға өзінің жеңіл өнеркәсіп өнімдерін маркалау тәжірибесін ұсынып отыр
Беларусь ЕАЭО-ға өзінің жеңіл өнеркәсіп өнімдерін маркалау тәжірибесін ұсынып отыр
Беларусь Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері аумағында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін маркалау жүйесін құру кезінде отандық тәжірибені негізге алуды ұсынып отыр.
Ұсыныс негізінде сәйкестендіру белгілерін маркалау ғана емес, радиожиілікті сәйкестендіру технологияларын пайдалану да көзделіп отырған көрінеді. Виктор Дравицаның пайымынша, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін маркалау жүйесін құру мәселесі өте маңызды. Өйткені, мұндай өнімдер көп жағдайда заңсыз сатылып жатады. Ұсынылып отырған бақылау белгісінде радиожиілікті сәйкестендіру – RFID-белгі пайдаланылмақ.