Басты жаңалық

Мәскеуде белгілі қоғам қайраткері Валерия Новодворская дүниеден озды

The final spritzer

Мәскеуде белгілі қоғам қайраткері Валерия Новодворская дүниеден озды

Мәскеуде 64 жасында оппозициялық саясаткер, қоғам қайраткері, «Демократиялық одақ» либералды партиясының негізін қалаушы Валерия Новодворская өмірден өтті. В. Новодворская көптеген рұқсат етілмеген митингтердің ұйымдастырушысы болған. 1992 жылдың соңында «Ресейдің демократиялық одағы» партиясын құрды. В. Новодворская «Над пропастью во лжи», «Мой Карфаген обязан быть разрушен», «По ту сторону отчаяния», «Прощание славянки», «Поэты и цари» кітаптарының авторы. Литваның мүддесін қорғағаны үшін Ұлы князь Гедиминастың орденімен марапатталған.