- Advertisement -

Германия-Аргентина матчы кезінде алаңға жүгіріп шыққан блогер қамауға алынды

59

- Advertisement -

АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны, орыс блогері Виталий Здоровецкий қамауға алынды, деп жазады belta.by.

Аталмыш азамат Германия мен Аргентина арасындағы финалдық матч кезінде футбол алаңына жүгіріп шығып, неміс құрамасының ойыншысы Бенедикт Хеведестің қасына барып, тіпті оны сүйіп алмақ болған. Тікелей эфирден бұл көрініс қиып алынып тасталды, алайда тосын сәтті футбол комментаторы қалт жібермеді.

Қызуқанды жанкүйерді суретке түсіріп үлгергендердің арқасында оның фотобейнесі ғаламторда танымалдылыққа ие болды.

Здоровецкий Рио-до-Жанейрода 13 шілде күні өткен матчтың алдында өзінің Твиттердегі парақшасына «Мені ертең Германия-Аргентина құрамаларының ойынынан көре аласыздар», деп жазған екен. Ал финалдық матчтан кейін ол «Міне, ақыры танымал болдым», деген жазбасын қосқан.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support