Мәдениет

Қазақстандық әнші қыз «Витебск-2014» фестивалінде жүлдегер атанды

Қазақстандық әнші қыз «Витебск-2014» фестивалінде жүлдегер атанды

Қазақстандық әнші қыз Мархаба Сәбиева эстрадалық әндерді орындаушылардың ХХІІІ Халықаралық «Витебск-2014» конкурсында ІІІ орынды иеленді, делінген байқаудың ресми сайтында. «Мексикандық Родриго де ла Кадена ХХІІІ Халықаралық «Витебск-2014» конкурсының Гран-приін иеленсе, 15 мың доллар ақшалай сыйлық берілетін бірінші жүлдеге молдовалық Виталие Негруце ие болды. Екінші орынды (10 мың доллар) украиналық Вероника Дорош пен Хорватиядан қатысқан Дино өзара бөлісті. Ал үшінші орынға (5 мың доллар) Израиль елінің өнерпазы Диана Голби мен қазақстандық Мархаба Сәбиева лайық деп танылды», делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, вокалдық конкурсқа барлығы 21 өнер иесі қатысқан болатын. Жартылай финалдың қорытындысы бойынша Мархаба финалға шығып, онда 15 орындаушымен бәсекеге түсті. Айта кетейік, бұл конкурсқа еліміздің үш өкілі қатысты. 11 жасар Нұржан Жұмәлі ХІІ Халықаралық музыкалық «Витебск-2014» балалар байқауында сахна төрінен табылса, атақты әнші Толқын Зәбирова әділқазылар алқасының құрамында болды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz