Спорт және туризм

2018 жылы футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыруда Қытай Ресейге қолдау көрсетеді

2018 жылы футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыруда Қытай Ресейге қолдау көрсетеді

2018 жылы футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыруда Қытай Ресейге қолдау көрсетеді, деп мәлімдеді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин РФ президенті Владимир Путинмен кездесу барысында. Бұл туралы ria.ru жазады. «Ресей футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыру эстафетасын қабылдады. Бұл Ресейдің әлемдегі беделін одан ары арттыра түседі», - деді ол.  «Қытай құрамасы ақтық сында ойнамаса да, бұл шараны сәтті ұйымдастыруы үшін Ресейге жан-жақты қолдау көрсетеміз», - деді ҚХР төрағасы.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz