Жамбылда не жаңалық?

Дәрігер Бубновскийге бардыңыз ба?

Дәрігер Бубновскийге бардыңыз ба?

Тараз қаласында тағы бір медициналық мекеме – «Дәрігер Бубновский орталығы» тұсауын кесті. Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Медициналық мекеменің жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар «АТФ Банк» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Гүлзат Бекназарова, профессор, медицина ғылымдарының докторы С.Бубновскийдің ұлы Михаил Бубновский ізгі лебізімен бөлісті. 

43

Жалпы, «Дәрігер Бубновский орталығы» өзінің қызметі негізіне профессор Бубновский әдісі бойынша адам денсаулығын қалыпқа келтіруді және өмір сүру сапасын жақсартуды қазіргі кинезитерапия емдеу жүйесі арқылы ұсынады. Яғни, сүйек-бұлшықет жүйесі сырқаттарынан дәрі егусіз және ота жасатусыз айыққысы келетін адамдарға қол ұшын созады. Түптеп келгенде бұл қозғалу қабілетін қалыпқа келтірудің және ауырсынуды кетірудің жаңа жүйесі. Қазірдің өзінде емдеу әдісі Ресейдің және Украинаның 130-дан астам қалаларында қолданылуда. Ал, Тараз – еліміз бойынша «Дәрігер Бубновский орталығы» ашылып отырған бесінші қала. Жаңа орталыққа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында облыстық әкімдік, «Даму» қоры мен «АТФ Банк» тарапынан қолдау көрсетіліпті. Соның нәтижесінде емдеу орны заманауи құралдармен жабдықталған. Көп функционалды жаттығу залы да жанына шипа іздеген жандарға қызмет көрсетуге арналған.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

 Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.