Текемет Италияда брендке айналды
Текемет Италияда брендке айналды
Италияның Милан қаласындағы Монтенаполеоне көшесінде ALTAI деп аталатын дүкенде текемет сатылып жатыр. Текеметтер 11 000-43 000 АҚШ доллар арасында бағаланып отыр. ALTAI деп аталған брендті Раффаэле Кариерри (Raffaele Carrieri) есімді азамат 1994 жылы жасаған. Ол көшпенді халықтардың тұрмыс-тіршілігіндегі киізден жасалатын кілем, төсеніш (суретті кілем, тұс кілем), күрт паласын сатумен айналысады. Тоқыма өнідірісінде Кариерри бүгінге дейін 16 коллекциясын жасап үлгерген. Бренд жасаушы ХХ ғасырлардан бері қарай қолданыстан шығып бара жатқан мұндай өнер туындыларына жаңаша бір дем бергісі келетінін айтыпты. 2002 жылы ALTAI бренді сәулетшілер мен дизайнерлермен ақылдаса отырып, Өзбекстанда да тігін шеберханасын ашқан. Кариерри бұл елдің Ферғана даласындағы көзкөрген адамдармен бірге жаңа текеметтер тоқып, арнайы тапсырыспен жұмыс істеп келеді. Ескерте кетейік, бұл тоқыма өнеркәсібінде химия араласпайды, барлық шикізат өзбекстандық өндірушілерден сатып алынады екен. Бренд Ancient Saharan Mats, Antique Felts of Central Asia деген атпен көрме де ұйымдастырыпты. Бұл көрмелер әлемнің үздік антропологтарының, ғалымдарының қатысуымен өткен.