Экономика

Таразда 4G желісі іске қосылды

The final spritzer

Таразда 4G желісі іске қосылды

Таразда LTE (4G) жоғары жылдамдықты ұялы тарату желісі пайдалануға берілді. Осыған орай, «АЛТЕЛ» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков еліміздің халық көп шоғырланған оңтүстік өңіріндегі қаланың әкімшілік орталықтарының барлығы 4G желісімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сондай-ақ, «АЛТЕЛ» Тараз қаласының маңындағы елді мекендерді CSM/UMTS желісіне қосуды жалғастыруға ниетті. Естеріңізге сала кетейік, 4G желісі Қазақстанда алғаш рет 2012 жылы Алматы және Астана қалаларында жұмысын бастады. Байланыстың төртінші ұрпағы интернетке ұялы құрылғы арқылы секундына 30 мегабайтқа дейін жылдамдықпен қосылады. Бұған қоса, 4G желісі «Қазақтелекомға» жарты жылда 100 миллион теңге пайда түсірді.

«Ақ жол-Ақпарат».