Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбіде өтеді
Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбіде өтеді
Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбі, шілденің 13-де өтеді. Экс-президенттің мүрдесі қоштасу рәсімі үшін Тбилисидің орталығындағы кафедралдық соборға қойылады. Әзірге оның қайда жерленетіні белгісіз. Эдуард Шеварднадзе 8 шілде күні 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Белгілі саясаткер 1928 жылы туған. Кеңес одағы тұсында Грузия ССР-нің қоғамдық қауіпсіздік министрі, ішкі істер министрі, сыртқы істер министрі сынды өзге де лауазымды қызметтерді атқарған. 1985-1990 жылдар аралығында Кеңес одағының сыртқы істер министрі болды. Ал 1995 жылы Грузия президенті болып сайланады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Интернет материалдары негізінде әзірленді.