50 жыл құлдықтан босатылған піл адамша жылады
50 жыл құлдықтан босатылған піл адамша жылады
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында белсенділер қайырымдылық шарасы аясында құлдықта болған кәрі пілді бостандыққа жіберді. Раджи есімді жануардың аяғынан тікенді шынжырлар шешілгеннен кейін ол адамша жылап қоя берген. Раджидің иесі оны 50 жыл бойына темір шынжырмен байлап, әбден ұрып-соққан. Әр күн сайын қарт жануар көшеге шығып, тұрғындар алдында өнерін көрсетіп келген екен. Жиналған ақшаны жануардың иесі өзі алып, оған тамақ беруді мүлдем ойламаған. Құлдықтағы пілдің тағдырын жануарлар құқығын қорғайтын ұйым белсенділері білгеннен кейін ғана оны босатып алған.