Германияның әрбір голына тегін ішімдік беруге уәде берген кәсіпкер банкрот болды
Германияның әрбір голына тегін ішімдік беруге уәде берген кәсіпкер банкрот болды
Мюнхен қаласындағы дәмхана иесі Германия құрамасының Бразилияға соққан әрбір голы үшін келушілерге шнапс спирттік ішімдігін тегін таратуға уәде берген. Ойынның 7:1 есебімен аяқталатынын болжамаса керек, кәсіпкер матч болған түннің ертесіне-ақ банкрот болғанын мәлімдеді. Дәмхана иесі матч басталмастан бұрын тиімді маркетингтік қадам жасаймын деп жоспарлаған екен. Алайда, сүйікті футбол командасы оның жоспарымен бірге бизнесінің де талқанын шығарды. Германияның жеңісі аталған кәсіпкерге ғана ауыр соққы болған жоқ. Оның дәмханасынан тегін шнапс ішкен 200 неміс азаматының алпысы уланып, ауруханаға түскен.