Басты жаңалық

Жаралы Неймарды мазақ еткен медбике жұмыстан қуылды

The final spritzer

Жаралы Неймарды мазақ еткен медбике жұмыстан қуылды

Жарақат алған Неймарды дәрігерлердің зембілмен әкетіп бара жатқанын бейнежазбаға түсіріп, ғаламторға жариялаған медбике жұмыстан шығарылды. Дәрігерлердің футболшыны дәліз бойымен кабинетке әкетіп бара жатқан сәтін медбике ұялы телефонға түсірген. Зембіл сүйреген топ ұзап кеткен кезде ол камераны өзіне бағыттап, «виктория» деген жест көрсетеді де, көрермендерге қашықтан сүю сәлемін арнайды. Бейнежазба интернетте көпшіліктің наразылығын туғызды. Жергілікті басылымның хабарлауынша, Бразилия құрамасының жараланған ойыншысын ұялы телефонға түсіргені үшін медбике жұмыстан шығарылды.