Жалғыз адам ғана ораза ұстайтын ел белгілі болды
Жалғыз адам ғана ораза ұстайтын ел белгілі болды
Айналасы мұздықтарға толы Гренландия деп аталатын елде тұратын Ливан азаматы Уассам Азақир – 21 сағат бойы ораза ұстап, құлшылығын атқарып жатқан осы өлкедегі жалғыз мұсылман. Бірнеше жылдан бері Гренландияда тұрып жатқан Уассам Азақир “Араб Колумбы” деп аталып кеткен. Ол күннің ұзақтығы мен өмір сүрудің қиындығына қарамастан, осы елде тұрып жатқан жалғыз мұсылман. Гренландияның астанасы Нуук қаласында күніне 200 қонақ қабылдайтын жеке мейрамханасы бар. “Кей кездері Рамазан айын Ливанда өткізу жайлы да ойланамын. Бірақ мен кетіп қалсам, Гренландияда намаз оқып, ораза тұтатын ешкім болмай қалады ғой деген ой тежейді”, - дейді ол.