Басты жаңалық

Украина автомобиль өндірісін 3 есе азайтты

Украина автомобиль өндірісін 3 есе азайтты

Украинаның машина құрастыратын кәсіпорындары маусым айында 1226 автокөлік жасап шығарды, яғни, мамыр айындағы көрсеткіштен 67,4 пайызға төмен. Бұл туралы «Укравтопром» қауымдастығының мамандары мәлім еткен. Автобус өндірісі секторының жұмысы жақсы, онда маусым айында 113 автобус шығарылған. Ал жеңіл автокөлік өндірісінде құлдырау байқалған, яғни 1009 жеңіл көлік пен 104 жүк көлігі шығарылған. Ең көп көлік шығарған кәсіпорын – Запорожск автомобиль зауыты. Мұнда маусым айында 716 дана автокөлік шығарылған. Алайда, ЗАЗ жеңіл автокөлігі өндірісі өткен аймен салыстырғанда 61,5%-ға азайған.