Басты жаңалық

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтеді

Алматыда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өтеді

Алматы қаласында 30 шілде мен 5 тамыз аралығында көкпардан, аударыспақтан және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа әр облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 1996-1998 жылдар аралығында туылған жасөспірім спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.