- Advertisement -

Тәжікстан Жазушылар одағында «тазарту» жүріп жатыр

99

- Advertisement -

Тәжікстан Жазушылар одағы комиссиясы шығармашылық одаққа мүше 400 адамды сараптаудан өткізіп, 40 жазушыны мүшеліктен шығарды. Комиссия мүшелері тексеру қорытындысы бойынша арнайы баяндама жасаған. «Жазушылар одағына мүшелікке қабылдау кезінде, одақ жарғысындағы талаптар сақталмаған. Одаққа мүше кейбір адамдардың көркем әдебиетке ешқандай қатысы болмаған. Тарих, медицина, саясаттану тақырыбында жазылған шағын кітапшаның авторлары да Жазушылар одағына мүше болып кеткен», – деп жазады баяндама авторлары.
Бұл жұмыстар 2015 жылдың маусым айында төрағалыққа танымал ақын Низом Косимнің келуімен басталды. Ол 2016 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылдауға мораторий жариялаған болатын. Жазушылар одағы мүшелігінен шығып қалған 40 жазушының бірі Гули Зард абыройын сақтау үшін сотқа шағымданбақ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support