«Арыстан жүректі» Игорь
«Арыстан жүректі» Игорь
Жерлесіміз Игорь Свирид «Grand Prix Berkut» турнирінде жеңіске жетті
Жүрегінің түгі бар жігіттер ғана бел буып, ортаға шығатын ережесіз жекпе-жек қазақ даласына кештеу келгенімен, халықаралық жарыстарда спортшыларымыз есесін жібермеуде. Жуырда Шешенстанның Грозный қаласында өткен «Grand Prix Berkut» турнирінде жерлесіміз Игорь Свиридтің жеңіске жетуі – осы сөзіміздің айғағы. Бүгінде «Алаш Прайд KZ» клубында 84 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген жамбылдық Игорь финалда отандасы Рамзан Алгериевтен басым түсті. Үш айға созылған бәсекеде «Арыстан жүректі» (И. Свиридтің лақап аты) спортшының мерейі үстем болды. «Бұл додаға ТМД елдеріндегі жекпе-жек спортының ең мықтылары қатысты. Бір салмақ дәрежесі бойынша 16 үміткер болды. 1/8 финалда Игорь Шешенстанның «Беркут» деген клубының мүшесі Али Ескиевті жеңген болатын. Негізі осы турнирде «Беркуттың» спортшылары фаворит саналған», – дейді облыстық жекпе-жек федерациясының президенті, спорт шебері, қара белбеу ІІІ дан иегері Темірхан Әлібеков.
Ардақ Үсейінова,
"Ақ жол".