ЕАЭО құрылуы Беларусь-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтады - А. Лукашенко
ЕАЭО құрылуы Беларусь-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтады - А. Лукашенко
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туған күніне орай бірқатар мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазады.
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың құттықтауында Қазақстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты қызметі мен қажырлы еңбегі аса зор құрметке лайықты екені атап өтілген.
«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Сіздің ұсынысыңыз нақты жүзеге асты. Бұл қадам Беларусь-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтады және экономикалық әлеуетімізді, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында достас елдеріміздің тиімді өзара ықпалдастығы үшін бұдан да қолайлы жағдайлар туғызатынына күмән жоқ», - дейді А.Лукашенко.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz