Мәдениет

Ұлттық музейде Шығыстың Алтын ғасырымен байланысты көрме ашылды

Ұлттық музейде Шығыстың Алтын ғасырымен байланысты көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы»  атты көрме ашылды.

Көрмеге Ресей этнографиялық музейінің (Санкт-Петербор) этнографиялық ескерткіштерінің топтамасы қойылған.

Көрменің атауы керуен шөл даладағы жолдармен асыл заттарды, жібек маталарды, олардан тігілген керемет киімдер мен дәмдеуіштер және есепсіз қазыналарды тасымалдаған Шығыстың Алтын ғасырымен байланысты. Ертеден-ақ, Үндістан мен Қытайдан  шығып Жер Орта теңізі мен Волга бойына бет алған  сауда керуендерінің тоғысатын жері болған Қазақстанның кең байтақ жері Батыс пен Шығыс арасындағы мәдени диалогтің, бір-біріне жанаспайтын діни, философиялық, этникалық ойлардың, технологиялардың және Еуроазиядағы әртүрлі халықтардың көркем шығармаларында шындықты бейнелеудің үлгілерінің жинақталатын орны болған.

Көрмеге 400-ден астам жәдігер қойылған: құрал-саймандар мен станоктар, киім-кешектер, үй бұйымдары, мініс және жүк артатын малдардың жабдықтары, мата үлгілері, кілемдер мен кестелер, үйлену тойына қатысты заттар, ислам дініне қатысты бұйымдар және т.б. Экспозиция Орталық Азия мен Кавказ халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі тоқыма өнерінің орнын және қолдану аясын сипаттайды.

Тоқыма өндірісінің технологиясы мен оның тұрмыста қолдануы  ғана емес, сонымен қатар сол замандағы тарихи мәселелер  мен қоғамдық қарым-қатынастарды кеңінен сипаттайтын Көрмемен аттас каталог шығарылды.

2014 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Ресей этнографиялық музейі басшылары әріптестік туралы меморандумға қол қойғанын еске саламыз. «Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы»  атты көрме - Қазақстан мен Ресейдің екі ірі музейінің арасындағы алғашқы бірлескен жоба.

Көрме Ұлттық музейдің 1-қабатына орналасқан, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін созылады. 2 4 4 3

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz