ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін
ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін
"Коринтианс" футбол клубының бұрынғы бас бапкері Аденор Леонардо Бакки Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколаридің орнын басуы мүмкін. Ол спорттық ортада Тите деген лақап есімімен танымал. Айта кетейік, сейсенбі күні Бразилия құрамасы Германия командасынан 1:7 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін аталмыш команданың жетекшісі Луис Фелипе Сколари өз болашағына қатысты шешімді әлем чемпионаты аяқталған соң қабылдайтынын жеткізген еді. Ал бұдан бұрынырақ Бразилия футбол конфедерациясының вице-президенті Делфим Пейшото «Сколари дөрекі қателіктерге жол бергені үшін» ел құрамасынан кетуі тиіс, деген болатын.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz