- Advertisement -

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы 7 несие берілді 

136

- Advertisement -

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беріле бастады.

Бастама іске қосылған бірінші күннің өзінде баспаналы болуға ниетті азаматтардан 3 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен 7 келісім-шарт жасалған. Бұл туралы арнамызда өткен «Круглый стол» бағдарламасы аясында «Баспана» ипотекалық ұйымының» басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 1 миллиард теңге көлемінде несие мақұлданып, жақын арада азаматтарға берілмек.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы:

— Біз осыдан 3-4 күн бұрын бағдарламаны іске қостық. Астана, Алматы, Ақтау, Орал қалаларында 7 несие берілді. Қазіргі уақытта бұл жобаға халықтан сұраныс жоғары. Күн сайын телефонға хабарласушылар көп, хаттар түсіп жатыр.

ақпараткөзі:24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support