Спорт және туризм

БОКС: Халықаралық турнирдің екінші күні 6 қазақстандық боксшы келесі кезеңге шықты

БОКС: Халықаралық турнирдің екінші күні 6 қазақстандық боксшы келесі кезеңге шықты

Кеше Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» IV Халықаралық турнирінде рингке шыққан 10 қазақстандық боксшының алтауы келесі кезеңге шықты.

Төрт боксшы: Ержан Ордабаев (56 кг), Зәкір Сафиуллин (60 кг), Дархан Жұмсақбаев (60 кг) және Алексей Севостьянов (91 кг) қарсыластарына есе жіберді.

Ал қалған боксшылар: Берік Әбдірахманов (60 кг),Алмасбек Әлибеков (64 кг), 2011 жылғы Азия чемпионы Айдар Әмірзақов (64 кг), Асланбек Шымбергенов (64 кг), Азия чемпионы Антон Пинчук (91 кг), Асқар Абдоллаев (91 кг) қарсыластарыннан басым түсті.

Бұл жерде 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық Асланбек Шымбергенов ресейлік Эдуард Хусаиновты, ал 91 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Асқар Абдоллаев моңғолиялық боксшы Төлек Ерболатты техникалық нокаутпен жеңді.  

 Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдыстығы - АИБА-ның қамқорлығы аясында өтіп жатқан бұл турнирге әлемнің 12 елінен 106 боксшы қатысуда. Олар: Әзербайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Украина, Филиппин елінің және Қазақстанның былғары қолғап шеберлері.

Бір айта кететін жәйт, бокстан Ирак құрама командасын бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бұрынғы бапкері Дамир Буданбеков басқаруда.

Бокстан Қазақстан құрама командасының қазіргі бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, бұл турнир - алдағы қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына дайындалудың соңғы кезеңі болып табылмақ. Сондықтанда бұл турнирге ұлттық құрама команданың барық үш құрамы да қатысып отыр. Азиадаға баратын боксшылар осы турнирден кейін белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, турнир жеңімпаздарына 4 000 доллардан табыс етіледі. Екінші орын алған күміс жүлдегерлер 2000 доллардан алса, үшінші орын алғандарға 1000 доллардан беріледі.

Кеше барлығы 20 жекпе-жек өткізілді.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz