Ресей театрында операның жаңа түрі қойылмақ
Ресей театрында операның жаңа түрі қойылмақ
Ресейлік режиссер Юрий Александров опера-митинг деп аталатын жаңа опера жанрын ойлап тапты. Оның ерекшелігі музыкалық-драмалық қойылымға көрермен де қатысады. Театр әкімшілігінің хабарлауынша, "Санкт-Петербургъ Опера" театрында ерекше қойылым, «Крым» операсының премьерасына дайындық жүріп жатыр. Қойылым идеясының авторы, режиссері - театрдың шығармашылық жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Юрий Александров. «Айта өту керек, бұл жерде басты назар аударатын мәселе - Ю.Александров жаңа опера жанрын жасаушы болып отыр» делінген хабарламада. «Крым» опера-митингісінде көрермен драмалық шығармаға қатыса отырып, тарихи оқиғалардың куәсі болмақ. Шығармада орыс-түрік соғысы, Ұлы Отан соғысы және бүгінгі «Майдан» оқиғасы баяндалады. «Біз спектакльде қазіргі кездегі оқиғаларға шығармашылық көзқараспен қараймыз. Оның мазмұны - қарапайым адамдар туралы. Олардың үндемей қалуға болмайтын жан жарасы жайында. Қойылым жүректерді тебірентіп, адамгершілік сезімді оятады деген үміттемін», - дейді Ю.Александров.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz