Спорт және туризм

ӘЧ-2014: Аргентина пенальти сериясында Нидерландыны жеңдi - ВИДЕО

ӘЧ-2014: Аргентина пенальти сериясында Нидерландыны жеңдi - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Аргентина мен Нидерланды құрамалары кездесу өткiздi.

Бұл матчтың негiзгi уақытында қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпасының кiлтiн таба алмай, ойынды овертаймға ауыстырған. Дегенмен онда да футболшылар есеп ашқан жоқ.

Ойын соңындағы пенальти сериясында аргентиналық қақпашының бағы басым болды. Ол нидерландылықтардың шабуылшылары тепкен 2 соққыны тойтара бiлдi. Өз кезегiнде аргентиналықтар барлық соққыларын сәттi орындады. Есеп - 2:4, оңтүстiкамерикалықтардың пайдасына.