Үндістан түрмесінде 150 индус ауыз бекітті
Үндістан түрмесінде 150 индус ауыз бекітті
Үндістандағы аса ірі Тихар түрмесінде жазасын өтеп жатқан 2300 мұсылман жамағатымен бірге 150 индус ауыз бекіткен.
Аталған түрменің баспасөз хатшысы Сунил Гупта тұтқындардың қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап ораза ұстағанын және соңына дейін ораза ұстауға ниеттеніп отырғандарын тілге тиек етті. Түрме әкімшілігі ауыз бекіткендерге барынша жағдай жасайтынын жеткізген. Яғни, ауыз бекіткендер үшін сәресі мен ауызашар ұйымдастырылатынын, жеміс-жидекпен, құнарлы азық түрлерімен қамтамасыз етілетінін жария етті. Ораза ұстап жүргендердің арасында 70 әйел азаматы бар.