- Advertisement -

Рамазан — сабыр айы

81

- Advertisement -

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Ораза ұстаған қауымға ауызашар берді

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадистер-інде «Рамазан – бұл сабыр айы. Сабырдың сыйы – жәннәт», «Кімде-кім бұл айда Ораза ұстаған бір адамға ауыз аштырса, бұл амалы күнәларының кешірілуіне себеп болып, Ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болады» деген. Жыл сайын қасиетті Ораза айында облыс әкімі ауызашар беруді игі дәстүрге айналдырып келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласындағы «Сәтті» мейрамханасында Ораза ұстаған мұсылман қауымына арнап ауызашар дастарханын жайды. 

Әкімнің ауызашарына аузы дуалы, сөзі уәлі қариялар, зиялы қауым өкілдері, сала тізгінін ұстап жүрген басшылар, әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жандар, қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдары, дінге бет бұрған қарапайым халық пен жас буын өкілдері арнайы шақырылып, мол дастархан басында бас қосты. Дастарханға жиналған жамағатты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қасиетті Рамазан айымен құттықтап, өңірдегі әр шаңыраққа амандық-саулық тіледі.
Ауызашар барысында ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев қасиетті Рамазан айының шарапаты туралы уағыз айтып, Құран бағыштады. Сонымен қатар елге сыйлы қариялар ізгі тілектерін арнап, сауапты іс жасаған облыс әкіміне ақ батасын берді.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support