- Advertisement -

Зейнетақы тағайындаудың жаңа жүйесін естідіңіз бе?

112

- Advertisement -

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тек қана жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен кезде және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болды. Зейнетақы төлеудің жаңа жүйесінің бұрынғыдан айырмашылығы қандай екенін білу үшін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаментіне хабарласқан едік. Біздің сауалымызға департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Шолпан Үсібәлиева жауап берді.

– Енді базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері есепке алынатын болды. Осылайша 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 маусымға дейінгі кезеңде мемлекеттік зейнетақы жарнасын аудару жүргізілмеген жағдайда, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын қосымша құжат ретінде – жұмыс істейтін әкенің жас балаларды немесе 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күту фактісі және кезеңін, мемлекеттік зейнетақы жарнасын аудару кезеңін растайтын сот шешімін ұсынады.
Негізі басқа әлеуметтік маңызы бар кезеңдерге қосымша – үш жасқа дейінгі балаға және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасау, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұрған кезінде, әскери қызметшілердің, әлеуетті құрылымдар қызметшілері жұбайының жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ болған жерлерде, бірақ 10 жылдан көп емес, тұрған кезеңдері және тағы басқалары қосылады.
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды, 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады, ол – 28284 теңге. Яғни базалық зейнетақы 13010 теңгеге көбейді, – дейді маман.
Шолпан Үсібәливаның сөзіне сүйенсек, бүгінде қайта есептеу бойынша барлық тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 118 мыңнан аса адамның базалық зейнетақысы қайта қаралған.
Енді базалық зейнетақының мөлшері бүгінгі күнге дейін зейнеткерлердің алып отырған зейнетақысының мөлшерінен төмен болмайды. Ал еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем болғандардың базалық зейнетақы мөлшері өзгеріссіз қалады.

Камила Борашова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support