Тараз тұрғыны полицияға алты гранат тапсырды
Тараз тұрғыны полицияға алты гранат тапсырды
Жамбыл облысында халықтан тіркелмеген қару мен оқ-дәрі қабылдау бойынша республикалық акция жалғасып жатыр, деп хабарлады Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметі.
«Облыс орталығының «тайвань» тұрғын үй алабының 28 жастағы тұрғыны полицияға барып, үйінің жанындағы гаражда ескі киім-кешектердің арасынан тұтандырғышы бар алты гранат тапқандығын хабарлады», - деді Тараз ІІД бөлім бастығы Сәбит Мамытбеков.
Белгілі болғандай, бірнеше жыл бұрын оның әкесінің осы өмірден өткен жақын досының сұрауы бойынша, гранатасы бар пакетті басқа заттармен қоса гаражға әкелген. Жарылғыш заттардың бар екені жайлы жас жігіт білмеген. Оның сөзіне қарағанда, әкесінің досы аңшы және балықшы болған және жарылғыш заттарды балықтарды аулауға пайдаланған көрінеді.
Оқиға орнына келген ҰҚКБ қызметкерлері, ІІД «Арлан» арнайы жасағының бөлімдері, криминалистер мен полицияның үшінші бөлімінің тергеушілері табылған қарулардың РГД-5 әскери гранаталары болуы мүмкіндігін растады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz