Саясат

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 263-ө өкімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Қалижан Серікұлы Әбдірайымов тағайындалды.

1965 жылы туған, білімі жоғары. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономика, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінде, Құрылыс жұмысы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; 2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бүгінгі күнге дейін «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.