Әлеумет

Тараз төрінде 300 домбырашы бір сәтте күй шертті

Тараз төрінде 300 домбырашы бір сәтте күй шертті

Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдында «Домбыра – халық мұрасы!» атты мәдени іс – шара болды, – деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. width=

Домбырашылар облыстың мақтанышы, белгілі күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевпен бірге «Ерке сылқым», ҚР Мәдениет қайраткері Аман Молдыбаевпен «Көне Тараз» күйін және Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Түркештің «Көңілашар» күйлерін орындады. Аталған іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқтар Рахманқұлов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей және Халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат домбырашыларға дирижерлік етті.  width= 300 – ге өнерпаз жұртшылықты Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, Тараз қаласын ән мен күйге бөледі.  width=

ақпараткөзі:zhambylnews.kz