Жаһан

Астанада 6 шілде күні 60-тан астам сәби дүниеге келді, үшеуіне Нұрсұлтан есімі берілді

Астанада 6 шілде күні 60-тан астам сәби дүниеге келді, үшеуіне Нұрсұлтан есімі берілді

Астанада 2014 жылғы 6 шілде күні 61 шарана дүние есігін ашты, деп хабарлады қала әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

«Сағат 00.00-дегі мәліметке сәйкес, тәулік ішінде 28 қыз бала және 33 ұл бала дүниеге келді, соның ішінде алтауы - басқа қалалардан келгендер. Үш сәбиге Елбасының құрметіне Нұрсұлтан есімі берілді», - делінген хабарламада. Барлық шараналар мен олардың аналарына естелік сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz