Спорт және туризм

Астана күніне орай веложарыс өтті

The final spritzer

Астана күніне орай веложарыс өтті

Кеше Астана күніне орай Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеровтың қолдауымен, сондай-ақ, қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  ерлер мен әйелдер арасында веложарыс болып өтті. Жарыс басталмас бұрын Н.Календеров құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәт-сапар тіледі. Одан кейін қатысушылар орталық «Достық» алаңынан Тұңғыш Президент саябағына дейін жүріп өтті. Межеленген жерге жеткен алғашқы он ер азамат пен он әйел арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал, жүлделерді қала әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борюсюк табыс етті. Жарысқа қаладағы спорт мектептерінің өкілдері қатысты.

Осы күні кешкі сағат 18.00-де «Жас ұландық» жастардың қатысуымен флэш-моб ұйымдастырылды.

«Ақ жол – Ақпарат».