Британияда «Тур де Франс» велокөпкүндігі басталды
Британияда «Тур де Франс» велокөпкүндігі басталды
Кәсіби велоспортта беделді сайыстың бірі саналатын «Тур де Франс» велокөпкүндігі өз тарихындағы 101-ші жарысын бүгін Британияның Лидс қаласында бастады. Велобәйге 27 шілде күні Парижде Елисей алаңында мәреге жетеді. «Тур де Франс-2014»-ке барлығы 22 команда қатысады. Үш апта аясында 219 велошабандоз 15, 21 шілде демалыс күндерін қосқанда жарыстың 21 кезеңінде барлығы 3 663,5 шақырымды жүріп өтуі керек. Алғашқы үш кезең Ұлыбритания аумағында болып, 7 шілде күні сайысқа қатысушылар Лондонға жетеді. Ары қарай Францияға бет алған қатысушылардың озып шыққан алдыңғы тобы 9 шілде күні Бельгияның Ипр қаласында жарыстың 5-ші сатысын бастайды. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz