Саясат

Н.Назарбаев көршілес елдермен үйлесімдікте өз елінің тәуелсіздігіне жол салды – Германияның экс-вице-канцлері Ганс-Дитрих Геншер

Н.Назарбаев көршілес елдермен үйлесімдікте өз елінің тәуелсіздігіне жол салды – Германияның экс-вице-канцлері Ганс-Дитрих Геншер

Қазақстан халқы жас елордамыздың  кезекті Туған күнін тойлауда. Бүгінгі таңда Астана әлем таныған қалаға, еліміздің мақтанышына айналды. Елорданың бас сәулетшісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екендігі барша әлем жұртшылығына аян. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көршілес елдермен үйлесімдікте өз елінің тәуелсіздігіне жол салды», - деді Германияның экс-вице-канцлері Ганс-Дитрих Геншер 2010 жылы Елбасының мерейтойына жолдаған құттықтауында. «Сіз бұл тәуелсіздікті ел азаматтарының жаңа бақытты болашағы үшін пайдаландыңыз. Сіз атом қаруынан бас тартумен де тарихта қаласыз. Сіз әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерісіз. Сіздің халықаралық ынтымақтастықтың көптеген салаларындағы белсенділігіңіз тамаша үлгі. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі де Сіздің бұл орайдағы қажырлы қызметіңізді мойындау болып табылады», - деді Ганс-Дитрих Геншер.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz