Асық ойнағандар да озады екен...
Асық ойнағандар да озады екен...
№6 облыстық мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің алаңшасында асық атудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионат өтті. Аталған додаға Тараз қаласы мен аудандардан 60-қа жуық спортшы қатысып, ұлттық спортқа қаншалықты жақын, шеберліктері қай деңгейде екендерін байқатты. Чемпионат қорытындысы командалық есеппен шығарылды. Нәтижесінде ересектер арасында байзақтықтар жеңімпаз атанса, құландықтар екінші, Жамбыл ауданының мергендері үшінші орыннан көрінді. Жасөспірімдер арасында Жамбыл ауданының қатысушылары жеңістің биік тұғырынан көрінсе, Тараз және Шу аудандары келесі орындарды өзара бөлісті. Қыздар арасында Т.Рысқұлов ауданы жеңімпаз атанса, Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы жүлделі орындарға қол жеткізді. Жарыс соңында асық ату спорты бойынша облыстық федерацияның аға жаттықтырушысы Бауыржан Бейсенбиев жеңімпаз бен жүлдегер командаларды диплом, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ.