Қазақстанда дәрігерлер қызметі 8 процентке қымбаттады
Қазақстанда дәрігерлер қызметі 8 процентке қымбаттады
Дәрігерлер қызметінің қымбаттағанына қарамастан, олардың жалақылары биыл тек 2% өскен.
Биыл І тоқсан ішінде денсаулық сақтау саласы 241,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6% аз.
Республика бойынша, көптеген қалаларда қызмет көрсетудің төмендегеніне қарамастан, Алматы мен Астана қалаларында керісінше өсім байқалады. Алматыда бір жылда 1,8% өсіп, 42,8 млрд теңге болды. Астанада 2,4% өсіп, 36,7 млрд теңге болды.
Арнайы дәрігерлерге сұраныс 10,7%, ал тіс дәрігерлеріне 16,8% артқан.
Аурухана қызметі бір жылда 0,2% қысқарған. Ал реабилитация орталықтарының қызмет көрсетуі бір жылда 14%, перзентханалардағы гинекологиялық қызметтер 7,2%, психиатриялық клиникаларда 6,3% өскен.
Мамыр айының нәтижесі бойынша, дәрігердің алғашқы қабылдауы орташа есеппен 2,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4% қымбат. Сондай-ақ, тіс дәрігерлерінің қызметі 7,6% қымбаттап, 3,3 мың теңгені құрады.
Мойын тұсына жасалатын массаж бір жылда 8,1 қымбаттап, бір процедураның орташа бағасы 916 теңге болды. Ал шипажайлар қызметі 6% қымбаттап, тәулігіне 9,8 мың теңге болды.
Қан құрамының жалпы анализінің орташа бағасы 5,7 қымбаттап, орташа бағасы 878 теңге болды.
ақпарат көзі:kaz.365info.kz