- Advertisement -

Президент парасатымен

83

- Advertisement -

Елбасымыз әрдайым «ХХІ ғасыр – білім ғасыры» деп орынды айтып жүр. Және де білім ордаларын заманауи талапқа сәйкестендіріп, дүниежүзілік стандарттық оқу жүйесін құруды алдымызға міндет етіп қойды.

Осы орайда еске оралады, тоқсаныншы жылдары елімізде, оның ішінде облысымызда да бірқатар жоғары және орта арнаулы оқу орындары нарыққа өтпелі кезеңнің қиындықтарына шыдас бере алмай, жабылып қалу алдында тұрды. Солардың бірі – Қазақ политехникалық институтының Қаратау филиалы еді. Оның сол тұста Елбасының тікелей қамқорлығы мен көрегенділігінің арқасында жабылудан аман қалғандығын ерекше атап өтуіміз керек. Кезінде Үкімет басшылары Мемлекет басшысының тапсыруымен ғылыми-оқытушылық құрамның өтініш-талаптарына орай Қаратауға арнайы келіп, институттың материалдық-техникалық базасын көріп, танысып, бұл мәселе көп өтпей оң шешімін де тапқан еді. Сөйтіп, ауылдық жерде кәсіптік, техникалық сала бойынша ұлт кадрларын дайындау ісінің керегесі кеңейіп, жолы ашыла түсті. Аталмыш жоғары оқу орны негізінде құрылған М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Қаратау инженерлік-экономикалық мамандық факультеті бүгінде еліміздің Оңтүстік аймағындағы химия саласы үшін он екі мамандық бойынша білікті мамандар даярлайтын іргелі оқу орнына айналды. Облыс аумағындағы Аманкелді газ кеніші, «Қазфосфат» ЖШС-і және көршілес Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы тау-кен өнеркәсібі үшін қажетті мамандар да бізде дайындалады.
Білім ордамызда заманға сай білікті мамандар дайындау үшін қажетті жағдай­лардың барлығы да жасалған. Жоғары деңгейде жабдықталған оқу кешендері, жаңа қондырғылармен қамтамасыз етілген зертханалар, екі жүз орындық жатақхана, соңғы үлгідегі компьютерлері бар төрт бірдей оқу сыныбы, кітапхана мен оқу залдары білімгердің сапалы білім алуы жолында қызмет етуде. Мұндағы 700-ден астам студентке тәжірибелі ғалым-педагогтар, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер дәріс береді. Факультет жанында, сондай-ақ, әскери кафедра жұмыс істейді.
Елбасы қамқорлығының арқасында факультет осы заманғы технологиялармен қайта жарақтандырылуда. Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының сапасы да жақсара түсті. Елінің қамын, жас ұрпағымыздың болашағын ойлап, оқу, білімге осыншалықты көңіл бөлген Елбасыға айтар алғысымыз шексіз.

Құдайберген БЕЙСЕМБИН, 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 
инженерлік-экономикалық 
мамандықтар факультетінің деканы, 
техника ғылымдарының кандидаты.

Қаратау қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support