Саясат

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды 

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды 

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің жаңа әкімі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке Нұрлан Сауранбаевтың орнына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Ақорданың хабарламасында. Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі. Еске сала кетейік, Нұрлан Сауранбаев қала әкімі қызметіне 2017 жылдың 7 қарашасында тағайндалған болатын. 7 айдан аса уақытта ол бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып үлгерді: "Мектепке қауіпсіз жол", "Қошқарата өзенін абаттандыру" жобасы және тағы басқалары. Кеше, 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілген болатын.

ақпарат көзі:tengrinews.kz