Спорт және туризм

БРАЗИЛИЯ – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА!

БРАЗИЛИЯ – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА!

Ширек финалдан шыққан алғашқы қос құрама белгілі. Жартылай финалдық ойындарды алғашқы болып бастайтын Германия мен Бразилия құрамалары. Бразилия құрамасы ширек финалдық кездесуде Колумбия құрамасынан басым түсті. Бұл жолы Бразилия құрамасының шабуылшылары емес қорғаушылары белсенді қимылдар жасады. Ойында салынған қос голдың (жеңіс голдары) авторлары: Силва мен Луис. Ал, қарымта голды мундиальдың басты жұлдызы (мергені) Хамес Родригес салды. Колумбияға жоғалтатындай ештеңке жоқ. Ширек финалдық ойыннның өзі Колумбия футбол тарихының жаңа беттері болатын. Колумбия жетістік көрсетсе, Бразилия құрамасы өзінің он бірінші жартылай финалдық ойындарына жолдама алып отыр. Силваның голы:

 Неймар сол жақ бұрыштан допты әуелетті. Айып алаң ішіндегі ойыншылар абыр-дабыр болған сәтте Силва мүлдем ашық қалды. Аяғын ақырын ғана төседі де, өз жөніне жүре берді.goal Sil Луисдың голы: Шеберлігі жағынан Карлостың «кемеңгер соққысына» жетпеседе, өз мәнерінде әдемі орындалды. «Челси» сапында да бірнеше шешуші голдарды айыпдобынан салып кететін Луис, осы жолыда құрамасына жеңіс голын сыйлады. Оған дейінгі айыпдоптарын Неймар «далаға» тепкен болатын.Луис Пенальти: Хамес Родригес бір ғана пасымен Бакканы қақпашымен бірге-бір шығарды. Бакка болса допты өз қарамағында сауатты ала білді. Доптан айырылып қалғанын түсінген Сезар, ойын тәртібін бұзды. Сары қағаз алды. Келесі ойынға қатыса алады. Ал, құрама капитаны Силва келесі болар кездесуге (Жартылай финал, Германия құрамасына қарсы) қатыса алмайды.Родригес   Неймардың жарақат алған сәті. Суниганың сәтсіз секіргені. Неймардың жарақат алған сәті. Суниганың сәтсіз секіргені. Ойында жарақат алған Неймар жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Ойында жарақат алған Неймар жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Матчтың үздігі Матчтың үздігі Мергендер тізімі: 6 гол – Хамес Родригес (Колумбия, 1 пенальти). 4 гол – Леонель Месси (Аргентина), Томас Мюллер (Германия, 1), Неймар (Бразилия, 1). 3 гол – Кәрім Бензема (Франция, 1), Эннер Валенсия (Эквадор), Робин ван Перси (Голландия), Арьен Роббен (Голландия), Джердан Шакири (Швейцария). Ақпарат көзі: alaman.kz