Спорт және туризм

ГЕРМАНИЯ ТӨРТІНШІ РЕТ ҚАТАРЫНАН ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

ГЕРМАНИЯ ТӨРТІНШІ РЕТ ҚАТАРЫНАН ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

Неміс машинасы Францияның жолын кесті. 

Жанкүйерлер матч алдында бұл ойынның тағдыры қосымша уақытта немесе пенальтиде шешіледі деп жоспарлаған. Бірақ Германия ойын тағдырын тоқсан минутта шешті.

Он екінші минутта Тони Кроостың айып добынан асырған пасын  Матс Хумельс қақпаға бағыттаған. Франция қақпашысы Льорис қолын созғанымен жетпеді. Есепте Германия алға шыққан. Кейін Дидье Дшам командасы есепті теңестіруге барын салғанымен нәтиже шығара алмады. Карим Бензема Нойер қорғаған қақпаға үш рет тура соққы жасағанымен қақпашы шеберліп танытып, доптарды қайтара білді.

Германия құрамасы осымен төртінші рет қатарынан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып отыр. Бұл — рекорд.

Неміс машинасының ендігі қарсыласы Бразилия не Колумбия болмақ.

Германия – Франция – 1:0 (1:0)

Гол: Хуммельс, 13.

Франция: Ллорис, Дебюши, Варан, Сако (Косьельни, 72), Эвра, Вальбуэна (Жиру, 85), Кабай (Реми, 73), Матюиди, Погба, Гризманн, Бензема.

Германия: Нойер, Лам, Боатенг, Хуммельс, Хеведес, Швайнштайгер, Хедира, Кроос (Крамер, 90+2), Езил (Гетце, 83), Мюллер, Клозе (Шюррле, 69).

Ескерту: Хедира, 54. Швайнштайгер, 80.

Төреші: ПИТАНА, Майдана, Белатти (Аргентина).

4 шілде. Рио-де-Жанейро. Стадион «Маракана».