Жаһан

Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушыларына 1300 пәтер ұсынады

Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушыларына 1300 пәтер ұсынады

Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушыларына 1300 пәтер ұсынады, деп мәлімдеді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев ҚР Президенті Н.Назарбаевты көрме нысандарының құрылысымен таныстыру барысында.

«Халықаралық бюроның талаптарына сәйкес, көрмені ұйымдастырушы ел қатысушыларға 1300 пәтер ұсынады. Бұл орайда Үкіметтің тапсырысы бойынша жылжымайтын мүлікті және халықаралық көрмеге арналған көңіл көтеру орталығын қаржыландыру механизмі құрылды», - деді Т. Ермегияев. Ол атап өткендей, Ұлттық компания құрылыс үшін жер беруді де ойластырып қойған. «Бұл 12 га жер. Құрылыс компаниялары «Базис» пен «BI-Group» болып есептеледі. Ал, қаржыландыру «Бәйтерек» холдингі арқылы жүзеге асады», - деді Т. Ермегияев. Оның айтуынша, ұлттық компания көңіл көтеру орталығының құрылысына жер ұсынды.

Ақпарат көзі: www.baq.kz