Колумбия президентінің өкімімен Бразилиямен болатын матчты ел халқы жаппай көретін болды
Колумбия президентінің өкімімен Бразилиямен болатын матчты ел халқы жаппай көретін болды
Колумбия Президенті Хуан Мануэль Сантос елдің барлық тұрғындары футболдан әлем чемпионатының ширек финалда осы ел құрамасының Бразилиямен матчын көре алатынын мәлімдеді. Бұл туралы El Heraldo басылымы хабарлады.
Президенттің өкіміне сәйкес, Колумбияда 4 шілдедегі жұмыс күні 13.00-ге дейін ғана созылып, осы матчты тамашалағысы келгендердің бәрі үйлеріне, немесе ойынды көрсететін қоғамдық орындарға ертерек жетіп алады. Екі құраманың кездесуі жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған.
Бразилия мен Колумбия арасындағы ойын 5 шілдеге қараған түні Астана уақыты бойынша 02.00 кезінде басталады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz