- Advertisement -

Мемлекеттік бағдарлама аясында қарыздар қайта қаржыландырылуда

123

- Advertisement -

Ұлттық банктің өңірдегі филиалында өткен баспасөз мәслихаты барысында филиал басшысы Евгений Шарыгин аталған банкпен жүзеге асырылатын қолданыстағы бағдарламалар, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы, қарыздарды қайта қаржыландыру талаптары мен банк секторын қалыпқа келтіру жұмыстарының нәтижелері жөнінде кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Ұлттық банкі қолға алған мемлекеттік ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады. Оның біріншісі 2004 – 2009 жылдар аралығында, ал екіншісі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық ұйымдардан валюталық қарыз алушыларға көмек көрсетуге бағытталған.
Алайда бағдарламаға қатысу үшін қарызды өтеуде белгіленген талаптардың орындалуы маңызды. Мәселен, 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде алынған қарыздар үшін қаражаттың валютасы теңге және шетел валютасында, негізгі борыштың қалдығы 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 36 470 000 теңгеден (200 000 АҚШ долларынан) көп емес болуы шарт.
– Капиталдандырылған сомалар шегеріле отырып, қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы қайта қаржыландырылады. Қарыз алушының сыйақы, өсімпұл (тұрақсыздық айыбы), комиссиялар бойынша берешегі кешіруге жатады. Қолданыстағы ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бойынша тұрғын үй немесе жер учаскесі банктің (ипотекалық ұйымның) балансына қабылданған ипотекалық қарызды қаржыландыру бағдарламада көзделген талаптар мен тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Қорыта келгенде, егер қарыз бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес келетін болса, тиісті өтініш және құжаттармен кредитор-банкке (ипотекалық ұйымға) өтініш жасау қажет. Бағдарламаны іске асыру мерзімі шектеулі, – деді Е.Шарыгин.
Басқосу соңында филиал басшысы банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі бағдарламаның нәтижелері туралы айтып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support