Елбасы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратында болды
Елбасы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратында болды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ғимаратты аралап көрді, сондай-ақ «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысымен танысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Кітапхана қоры 20 мың еңбекті қамтиды. Мекеме Президентке сыйға тартылған экспонаттарды жинақтаумен де айналысады. Қазіргі күні мемлекет басшыларының және олардың ресми өкілдерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жәдігерліктерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар», - делінген хабарламада.
Ғимаратта көшпелілер мен дала төсіндегі қалалардың сан ғасырлық тарихында қалыптасқан қазақ халқының философиясын танытатын «Мәңгілік ел» галереясы орналасқан.
Мемлекет басшыларының мұндай орталықтары, кітапханалары мен қорлары әлемдік тәжірибеде, атап айтқанда, АҚШ-та, Францияда, Түркияда және басқа елдерде бар. Олардың басты міндеті ел басшыларының жеке мұрағатын жинақтау және жүйелеу болып саналады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz