Астана - Тәуелсіз Қазақстан жетістіктерінің куәсі
Астана - Тәуелсіз Қазақстан жетістіктерінің куәсі
Астана бүгінде Тәуелсіз Қазақстан жетістіктерінің куәсі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ашылған елорданың 16 жылдығына арналған "Биік қала, бекзат қала, бақ қала" кітап-сурет көрмесінде айтты.
"Бүгінгі таңда елорда халықаралық деңгейде саяси және мәдени орталық ретінде танымал болды. Мұның бәрі Мемлекет басшысы жүргізген саясаттың нәтижесі", - деп атап көрсетті сенатор.
Көрме экспозициясы бірнеше бөлімдерден тұрады. Мысалға, "Елорда сәулетшілері" бөлімі Астананы салу тарихындағы және елдорданың гүлденуіндегі, экономикасын, инфрақұрылымын дамытудағы ҚР Тұңғыш Президентінің зор рөлі туралы баяндайды. "ЕХРО-2017 - Әлем таныған ұлы қала" бөлімінде Астананың халықаралық аренадағы рөлі және "ЕХРО-2017" халықаралық көрмесіне әзірлік ауқымында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылған. "Астана - шабытым менің" бөлімінде оқырмандар Астана туралы әндер мен өлеңдер кірген белгілі және жас ақындардың шығармалары жинақтарымен, елорданың мәдени мекемелері туралы кітаптармен таныса алады.
Көрменің ашылуына ҚР Парламентінің депутаттары, елорданың қоғамдық және ғылыми қауымы, "Нұр Отан" партиясының өкілдері, "Астанабасжоспар" қызметкерлері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары шақырылды.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің негізгі міндеттері - оқырмандарды Астанаға және елдің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа, жас ұрпақты адамгершіл-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітаптарымен және электрондық қорымен таныстыру.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz