Басты жаңалық

Бельгияда ер адам екі полицейді атып өлтірді

The final spritzer

Бельгияда ер адам екі полицейді атып өлтірді

Қарулы қаскөй сейсенбі күні таңертең Льеж қаласындағы орталық даңғылдың бірінде полицейлерге оқ атып, соның салдарынан тәртіп сақшыларының екеуі де оқиға орнында қаза тапқан. Полицейлерден тыс, сол маңнан өтіп бара жатқан автомобильдердің бірінің жолаушысы да мерт болды. Бұдан бөлек, тағы екі адам жараланған. Содан кейін шабуылшы жақын жерде орналасқан мектепке барып, әйел адамды кепіл ретінде тұтқындаған. Жедел шаралар нәтижесінде қаскөй атып өлтірілді. Полиция қанды оқиғаның лаңкестікпен байланысын тексеріп жатыр.