ГАЗА СЕКТОРЫн қайғы бұлты басып тұр
ГАЗА СЕКТОРЫн қайғы бұлты басып тұр
Израиль әуе күштері Газа секторындағы қарулы топтардың 35 нысанына соққы жасады. Әскерилер қару-жарақ қоймасы мен Газа секторынан Израильге апаратын туннельді жойып жіберді. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының соңында Израиль мен Газа секторы шекарасында наразылық шеруі басталып, осы уақытқа дейін 100-ден астам палестиналық көз жұмды. Тағы 13 мың адам жарақат алды. Әсіресе мамырдың 14-і күні АҚШ даулы Иерусалимде елшілігін ресми ашқан күні шеру соңы қақтығысқа ұласып, 60-тан астам адам опат болды. Ал палестиналықтар бұл әрекет арқылы Израильден басып алған жерлерін қайтаруды талап етіп отыр.